Алтынды жалпы білім беретін орта мектебінде жасыл желекті абаттандыру мақсатында оқушылар мен мектептегі гүлдерді суарып тазалады.
СПИД ауруының пайда болғанына 20 жылдан астам уақыт өтуде .Дүние жүзі бойынша СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес шаралары жүргізілуде. Соның бірі 1988 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша 1 желтоқсан- Дүние жүзілік СПИД- пен күресу күні болып белгіленді. Сіздердің әрқайсыңыз жеке тұлға ретінде қоғамды , мемлекетті , адамзат әлемін құрайсыз. Сондықтан сауатты да салауатты жан ретінде СПИД-ке қарсы күресу керек. Өз ортаңызды, отбасыңызды, ұжымыңызды, ең бастысы өзіңізді СПИД- тен қорғау. Оқушыларға ЖИТС ауруы туралы мағлұматтар бере отырып, ЖИТС-тың жұғу жолдарымен оның белгілерін, алдын алу шаралары туралы мәліметтер бере отырып, оқушыларды жаман әдеттен аулақболуға , тазалыққа, адамгершілік-жыныстық тәрбие мен, болашақұрпақ мүддесін ойлауға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында 7-9«Б» сынып оқушыларына ТІЖО Цымбалюк В.Н мен ұйымдастырушы педагог Боранбаева А.Қ түсіндірме жұмыстары жүргізіліп бейнеролик көрсетілді.

